ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
💬 СІЗДЕРГЕ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ, ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!
АТА-АНАЛАР МІНДЕТТІ:
✅Балаларын тәрбиелеуге;
✅ Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға;
✅ Ата-аналық құқықтарын жүзеге асыру кезінде балалардың денсаулығына және психикалық жағдайына, адамгершілік дамуына зиян келтірмеуге;
✅ Балаларды тәрбиелеу тәсілдері мен әдістері немқұрайлы, қатыгез, дөрекі, адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерді болдырмауы тиіс;
✅ Балалардың құқықтарын бұзған ата-аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік жауапкершілік – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балаларға күтім жасау жөніндегі міндеттерін орындамауы үшін.
Қылмыстық жауапкершілік – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау үшін.
📢Құрметті ата-аналар!
Балалардың аман-есен болуы үшін күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
✅ Балаларға жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырыңыз;
✅ Балалармен жеке әңгіме өткізіп, өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріңіз;
❗Есте сақтаңыз!
✅Кешкі және түнгі уақытта (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін) балаларға ересектердің қарауынсыз көшеде жүруге заң бойынша тыйым салынады;
✅ Әрқашан балаңыздың қайда және кіммен жүргенін біліп отырыңыз, оның жүрген жерін бақылауда ұстаңыз;
✅ Бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Балаңызға біреу оған зиян келтіргісі келсе, «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;
✅ Қандай жағдай болса да, балаңыз болған оқиға туралы сізге айтуы тиіс екенін ұғындырыңыз. Ешқашан оған ашуланбаңыз. Кейбір жағдайларды жақындарынан жасыруға болмайтынын түсіндіріңіз.